24.11.2020, 17:13
Оқылды: 83

«SENIM» атаулы шәкіртақысының иегерлері анықталды

«SENIM» «Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалы атынан тағайындалған «SENIM» атаулы шәкіртақысының иегерлері анықталды. Олар Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжінің ІІ курс студенттері – Шанимова Айнара мен Саменова Айдана.

Screenshot_20201124-103728_Instagram-01

Шанимова Айнара – «Лабораториялық диагностика» мамандығының Лабд-21 тобы бойынша ІІ курс студенті. Оқу үздігі, топ белсендісі Айнара - «Луи Пастер», «Химик» үйірмелерінің мүшесі болып табылады. Сонымен қатар, Айнара облыстық, республикалық шаралардан бөлек, Халықаралық конференциялардың қатысушысы.

Аталмыш шәкіртақының екінші үміткері – Саменова Айдана Қайырбекқызы. Бүгінде Айдана «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша ІІ курс студенті. Арнаулы оқу орнының белсенді студенті, «Гиппократ» пәндік үйірмесінің және колледждің жастар комитетінің мүшесі. Сонымен қатар, «URKER MITEC» зияткерлік орталығының ұйымдастыруымен өткен республикалық «Гиппократ» олимпиадасының «Анатомия» және «Физиология» пәндері  бойынша ІІ орын иегері. Айдана бос уақытында шет тілдерін үйренумен және би өнерімен айналысқанды ұнатады.

Шәкіртақыны жеңіп алған студенттер өздерінің ризашылығын жеткізіп, еліміздегі пандемиялық жағдайға қарамастан, студенттерге назар салып, қолдау білдірген Кәсіподақ ұйымына алғыстарын айтты.


«БҚО КӘСІПОДАҚТАР ОРТАЛЫҒЫ» АКБ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале