ТЖД өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырады
8 Тамыз 2022

ТЖД өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырады

Қазақстанда рейстер кешіккен жағдайда жолаушыларға төленетін өтемақы өсуі мүмкін
8 Тамыз 2022

Қазақстанда рейстер кешіккен жағдайда жолаушыларға төленетін өтемақы өсуі мүмкін

Банктердің экономикадағы маңыздылығы артып келеді – Ұлттық Банк
8 Тамыз 2022

Банктердің экономикадағы маңыздылығы артып келеді – Ұлттық Банк

Қамкөңіл  жандарға  қамқорлық  күшейе ме?
8 Тамыз 2022

Қамкөңіл жандарға қамқорлық күшейе ме?

Жаңа тағайындау
8 Тамыз 2022

Жаңа тағайындау

Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында жастарды қолдау бойынша жаңа жоба іске қосылады
8 Тамыз 2022

Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында жастарды қолдау бойынша жаңа жоба іске қосылады

Серік Ақшолақов: «Паркинсон ауруын ультрадыбыспен емдейтін аппарат сатып аламыз»

Ұлттық нейрохирургия орталығы Үкіметтен паркинсон ауруын ултрадыбыспен емдейтін жаңа аппарат сатып алуға қаражат сұрап отыр. Бұл туралы орталықтың басқарма төрағасы Серік Ақшолақов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220701132423872e

Сурет: ҚазАқпарат

«Медицина саласы бір орнында тұрмайды. Бүгінгі жақсы заманауи технология бір жылдан кейін озық технология болмай қалуы мүмкін. Сондықтан Үкіметке өз ұсыныстарымызды беріп отырамыз. Соның арқасында біздің орталықтың технологиясы Еуропаның клиникаларынан қалыспайды. Қазір функционалдық аураларды, паркинсон ауруын ультрадыбыспен емдейтін жаңа аппараттар шығып жатыр. Ол туралы мен Үкіметте сөз қозғадым. Қолдау тапты деп айта алам. Ол қолдаудың іске асуы үшін уақыт керек. Ол жағынан толық қолдау бар»,- деді нейрохирург елордада өтіп жатқан халықаралық форумның кулуарында.

Айтуынша, ол басқаратын мекеме 14 жылда 35 мың күрделі ота жасаған. Соның арқасында бұрын тек шетелде емделетін науқастар Қазақстанда ауруын еңсеруге мүмкіндік алған.

«Ұлттық нейрохирургия орталығы жұмысын бастаған 14 жылдың ішінде 35 мыңдай ота жасадық. Соның 95 пайызы халық үшін тегін жасалды. Яғни, қазақстандықтар үшін толығымен тегін, квота арқылы істеледі. Қазір бізге шетелден де келетін емделушілер бар. Медициналық сақтандыру арқылы ота жасатушылар да бар. Солардың ішінде ең қымбаты – ми қантамырларына жасалатын ота. Оның құнын да қазақстандықтар үшін мемлекет төлейді», - деді Серік Ақшолақов.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале