23.06.2026, 17:40
Оқылды: 9

Сертке берік Серғалиевтер

Сертке берік Серғалиевтер

 

Казталов аудандық полиция бөлімінде қызмет пен жанұя тірлігін қатар алып жүрген, кәсіби тәжірибесі мен өнегелі өмір жолы арқылы өзгелерге үлгі болып жүрген жанұялардың бірі – Серғалиевтер отбасы.

WhatsApp Image 2026-06-22 at 13.40.40

Полиция капитаны Рауан Серғалиев пен оның жұбайы, полиция майоры Гүлфайруз Кенжебаева  құқық қорғау саласында көп жылдан бері жемісті еңбек етіп келеді. Екеуі де өз қызметтерінде кәсібилігімен, жауапкершілігімен және халық алдындағы адал еңбегімен ерекшеленеді.

Рауан Серғалиев 1988 жылы Казталов ауданының Қараоба ауылында жарық дүниеге көрінді. Мектепті  тәмамдағаннан кейін жұмысшы мамандығын меңгеріп, әскери борышын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қатарында өтеген. Кейін жоғары білім алып, заңгер мамандығын игерді. Ішкі істер құрылымдарындағы еңбек жолын 2008 жылы бастап, бүгінде Казталов аудандық полиция бөлімінің аға кезекші инспекторы қызметін атқаруда. Ал оның жұбайы Гүлфайруз Кенжебаева 1987 жылы аталған ауданның Көктерек ауылында дүниеге келді. Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясында білім алып, қызмет жолын кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы ретінде бастады. Қазіргі уақытта Казталов аудандық полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы қызметін абыроймен атқаруда.

Екі жас қызметкердің өмір жолы 2009 жылы Казталов аудандық полиция бөлімінде тоғысып, сол жылы таныстықтары жарасымды жанұяның негізіне айналды. 2010 жылы заңды некеге отырып, шаңырақ көтерген олар бүгінде төрт перзент тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасы. Рауан мен Гүлфайруз балаларын адалдыққа, еңбекқорлыққа және елге қызмет етуге  тәрбиелеп келеді.

Қызметтік міндет пен жанұялық  жауапкершілікті қатар алып жүрген Серғалиевтер отбасы жас әріптестер үшін де, өскелең ұрпақ  үшін де үлгі боларлық  шаңырақ.

Гүлжан Ғалым,

Орал қаласы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале