2.12.2021, 9:20
Оқылды: 35

Сеулде коронавирус жұқтырушылардың тәуліктік көрсеткіші рекордтық деңгейге жетті

Сеулде COVID-19 жұқтырушылардың тәуліктік көрсеткіші рекордтық деңгейге 2268-ге жетті, екінші күн қатарынан олардың саны 2000-нан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат YONHAP агенттігіне сілтеме жасап.

211202092009849e

Ауруды бақылау жөніндегі орталық басқарма мәліметінше, сәрсенбі күні тіркелген жағдайлардың 2262-сі – «жергілікті», болса, алтауы – «сырттан әкелінген». Жаңа максимум сейсенбі күні тіркелген максимум (2222) көрсеткіштен 46-ға, бір апта бұрынғыдан (1760) 508-ге көп. Сеулде коронавирус жұқтырудың жаңа жағдайларының күн сайынғы саны 1000-нан алғаш рет 24 қыркүйекте асқан болатын, ол кезде 1221 пациенттен ковид анықталды. Одан кейін біраз уақыт көрсеткші төмендеген де еді. 2 қарашада олардың саны тағы да 1004-ке дейін көтерілді. Содан бері ел астанасында тәуліктік рекордтар алты рет өсті: 16 қарашада 1436 адам, 23 қарашада 1734, 24 қарашада 1760, 26 қарашада 1888, сейсенбі күні 2222 және сәрсенбі күні 2268 болды. Қалада ауруға шалдығушылардың жалпы саны 158 774-ке артты. COVID-19-дан болған өлім жағдайларының жалпы саны сәрсенбі күні түнгі жағдай бойынша 23-тен 1136-ға дейін көбейді.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале