10.11.2026, 10:15
Оқылды: 10

Шағын құрылғы - үлкен қорғаныс!

Үй қауіпсіздігі қарапайым, бірақ маңызды нәрселерден басталады. Солардың бірі - қауіп туралы дер кезінде ескертуге көмектесетін арнайы құрылғыларды орнату.

8f07798907d90a0595c497164e040b9f6e06f97c007a52be5e31fb1513fe7cfe_1280x720

Автономды түтін өрт хабарлағышы түтін пайда болған кезде іске қосылып, дыбыстық белгі береді. Бұл өртті дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.

Автономды көміртек тотығы (иіс газы) хабарлағышы газдың қауіпті мөлшерін анықтап, дыбыстық белгі арқылы ескертеді. Иіс газының түсі де, иісі де жоқ, сондықтан оны адамның сезім мүшелері арқылы анықтау мүмкін емес.

Әр құрылғыны өндірушінің нұсқаулығына сәйкес орнату қажет. Газ жабдықтары, пештер мен каминдер орналасқан бөлмелерге ерекше назар аударыңыз.

Ал автономды түтін өрт хабарлағышын қалай дұрыс орнатуға болады? Келесі бейнероликтен көріңіз - барлығын кезең-кезеңімен көрсетеміз!

Есіңізде болсын: өмірді сақтап қалуға көмектесетін қауіпсіздік қарапайым шешімдерден басталады.

Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!

 

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале