22.09.2023, 10:30
Оқылды: 75

«Шалмен жұдырықтаспаймын»: Шавкат Рахмонов өзін жекпе-жекке шақырған Тони Фергюсонге жауап берді

UFC-де жұдырықтасатын қазақстандық ережесіз жекпе-жек жұлдызы Шавкат Рахмонов желіде өзін жекпе-жекке шақырған америкалық файтер Тони Фергюсонге жауап берді, деп жазады kaz.nur.kz.

1695290156734

Шавкат Рахмонов Instagram желісінде тікелей эфир жүргізіп, Тони Фергюсонмен жекпе-жек өткізуге қатысты өз ойын айтты. Америкалық файтер соңғы алты жекпе-жегінде де жеңіліс тапқан.

«Фергюсон келісіп, осы жекпе-жекті қатты қалаған күннің өзінде мен бір аптада барып онымен жұдырықтасып үлгермеймін. Ондай шалмен жекпе-жекке шығуға ниетім жоқ. Керісінше, мен мықты жастармен шыққым келеді. Гастелум мықты ғой. Неге бас тартқанын білмеймін. Жекпе-жекке шықпаймын деп көңіл-күйімді түсіріп тастады. Құдай қаласа, алда жекпе-жекке шығармыз. Бірақ кіммен жұдырықтасатыныңды білмей дайындалған қиын», - деді спортшы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале