15.06.2022, 12:59
Оқылды: 102

Шәмші Қалдаяқовқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

Мемлекет басшысы «Ш.Қалдаяқовқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

02

Ш. Қалдаяқовқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы

2022 жылғы 15 маусым

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақ халқының музыка өнерін дамытудағы айрықша еңбегі үшін композитор Шәмші Қалдаяқовқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын (марқұм).

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті Қ. Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 14 маусым

№ 931

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале