27.05.2024, 12:00
Оқылды: 0

Шәмшінің ұлы Мұхтар Қалдаяқов Оралға келді

29 мамыр сағат 19.00-де «Атамекен» өнер ордасының ұйымдастыруымен өтетін әйгілі сазгер, ​ Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған «Бақыт құшағында» атты ән кешін өткізуге Ш.Қалдаяқовтың ұлы Мұхтар Қалдаяқов Оралға келді.
InShot_20240527_095032079
Естеріңізге сала кетсек, ән кеші ҚР Мәдениет саласының үздігі, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының дирижері, тектінің тұяғы, Шәмшінің ұлы Мұхтар Қалдаяқовтың дирижерлік етуімен өтеді.
Билеттер «Атамекен» өнер ордасының кассасында және tiketon сайтында сатылады.
Айжан Бауыржанқызы,
Орал қаласы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале