8.02.2024, 11:45
Оқылды: 46

Шаңғы тебу жарысынан облыс чемпионаты басталды

Оралда шаңғы тебу жарысынан облыс чемпионаты алауын жақты.

IMG-20240208-WA0074

Ауа райының қолайсыздығына байланысты бір күн кешігіп басталған өңір шаңғышыларының жарысына, облыс орталығы мен аудандарынан келген 100-ден астам спортшы қатысып жатыр.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған бәсеке жоғары деңгейде өтіп жатыр.

IMG-20240208-WA0075

Жыл өткен сайын жастар арасында үлкен танымалдыққа ие бола бастаған шаңғы жарысына келген спортшылар жеңіске жету үшін барын салуда.
- Кешегі дүлей боран біраз жоспарды бұзды. Соның салдарынан Ақжайық ауданының командасы келе алмады. Десе де жарыс жоғары деңгейде өтіп жатыр деп сеніммен айтуға болады, - дейді шаңғы спортынан облыс құрамасының аға жаттықтырушысы Серік Хайруллин.
Биылғы облыс чемпионатының тағы бір қызықты тұсы жеңімпаздар мен жүлдегерлерді orgeo сайтынан онлайн білуге болады.

Қазір жарысты 2009-2010 жылғы қыздар мен ұлдар аяқтады.

Қыздар сынын Ксения Кудрявцева, ұлдар бәсекесін Наиль Сәтбаев жеңді.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале