12.12.2023, 18:00
Оқылды: 192

Шавкат Рахмонов 2024 жылғы басты жоспарын айтты

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов (17-0) келер жылы UFC чемпиондық атағы үшін шайқасқа шыққысы келеді. 

шавкат

- Мен келер жылы UFC чемпионы атағына таласқым келеді. Басты мақсатым – чемпиондық белбеуді иеленіп Қазақстанға қайту", - деді спортшы The MMA Hour-ға берген сұхбатында.

Шавкат келесі жекпе-жегін 17 желтоқсан күні таңда Лас-Вегастағы UFC 296 жарысында өткізеді. Отандасымыз америкалық Стивен Томпсонмен (17-6-1) шайқасады.

Қазақстандық спортшы UFC-де алты жекпе-жек өткізіп үлгерді. Оның бесеуінде уақытынан бұрын жеңіске жетті. Қазіргі таңда жартылай орта салмақ рейтингінде 5-орында тұр.

vesti.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале