18.10.2023, 9:00
Оқылды: 252

Шавкат Рахмонов UFC 5 ойынында жартылай орта салмақтағы үздіктер қатарына енді

Шавкат Рахмонов 27 қазанда шығатын жоспарланған UFC 5 ойынында жартылай орта салмақтағы үздік файтерлер қатарына енді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

шавкат

Фото Шавкат Рахмоновтың instagram парақшасынан

Рахмонов бесінші орында тұр. Рейтингті екі салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы UFC чемпионы Жорж Сент-Пьер басқарады. Екінші орында жартылай орта салмақтағы қазіргі чемпион Леон Эдвардс, үшінші орында Камару Усман. Рейтингтегі төртінші орын Колби Ковингтонға бұйырды.

Рахмонов келесі жекпе-жегін Стивен Томпсонмен 17 желтоқсанда Лас-Вегастағы UFC 296 турнирінде өткізеді. Шавкат наурыз айында үшінші раундта Джефф Нилді тұншықтыру арқылы жеңген. Шавкаттың еншісінде 17 жеңіс бар, бірде-бір жеңіліс жоқ.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале