Қазақстандық спортшы Шавқат Рахмонов (14-0) UFC-дегі үшінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ол Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) UFC Fight Night 200 турнирінде гайаналық Карлстон Харриспен (17-4) жекпе-жекке шықты. Жартылай орта салмақта өткен бұл кездесу үш раундқа жоспарланған еді. Алайда жерлесіміз бірінші раунда-ақ айналып теуіп, қарсыласып сұлатып түсірді.
Осылайша Шавқат Рахмонов кәсіпқой мансабында 15-ші жеңісіне қол жеткізді. Ал Карлсон болса, бесінші рет жеңіліс тапты.
Айта кетейік, Рахмоновтың бұл UFC-дегі үшінші жекпе-жегі.
Бұған дейін ол сабмишн әдісімен бразилиялық Алекс Оливейруды (22-11-1-2) және Мишел Празеристі (26-4) тізе бүктірген еді.
22:5013.06.2022
Қазақстан сенсациялық жеңісін тағы бір мәрте қайталап, Словакияны ұтып кетті
12:5017.02.2022
Футболдан Чемпиондар лигасы: «Ливерпуль» жеңіске жетті, «Бавария» тең ойнады
12:403.01.2022
Теннис: Елена Рыбакина Аделаида турнирін жеңіспен бастады
9:3214.09.2021
Жеңілістен кейін жеңіс тілейміз!
3.01.2022, 12:40
14.09.2021, 9:32