4.08.2023, 10:00
Оқылды: 148

Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде топ-3-те тұрған файтермен кездесе ме?

Қазақстандық UFC файтері Асу Алмабаев әріптесі Шавкат Рахмоновқа қарсылас тапты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Meta MMA-ға сілтеме жасап. 

16 қыркүйекке жоспарланған Рахмонов пен америкалық Келвин Гастелум арасындағы жекпе-жек өтпейтін болды. АҚШ өкілі жаттығу кезінде мұрны мен бетінен жаралап алыпты. Ол жекпе-жектен бас тартты. fe7353f8-59ee-4a22-8e17-7651739bfd7b

Фото: shavkatrakhmonov94

— Шавкаттың қарсыласы қатардан шығып қалды, Кельвин Гастелум жарақат алды. Енді оның орнын кім басады, Шавкаттың кіммен жекпе-жегін тамашалау қызықты болар еді?

— Шавкат қазір рейтигте үздік алтылықта тұр. Бір-екі кездесуден кейін чемпиондық белбеуге таласады. Егер белбеуге таласқыңыз келсе, рейтингте өзіңізден жоғары тұрған спортшымен жекпе-жек өткізу қажет. Бұл UFC мен менеджерлер таңдауына байланысты болады. Адамдардың қандай жекпе-жекке қызығатынына байланысты. Меніңше, Шавкат Колби Ковингтонмен жұдырықтаса қызық болар еді.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов қазір UFC рейтингінде алтыншы орында тұрса, Колби Ковингтон екінші орында.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале