13.02.2024, 18:00
Оқылды: 98

Шавкат Рахмонов UFC жаңартылған рейтингінде қай орында тұр?

Жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (18-0) жартылай орта салмақта жаңартылған рейтингтегі орнын білді, деп хабарлайды Prosports.kz. 

шавкат

Фото: instagram.com/shavkatrakhmonov94

«Номад» үшінші орнын сақтап қалды. Рейтинг көшбасшысы Камару Усман, екінші орында Белал Мухаммад тұр.

6cc8cabd-f6a6-468b-9d4f-9acfc330f98a

Естеріңізге сала кетейік, Шавкат кейінгі жекпе-жегін 16 желтоқсанда Лас-Вегастағы UFC 296 турнирінде өткізген болатын. Қазақстандық спортшының қарсыласы америкалық Стивен Томпсон (17-6-1) болды. Жекпе-жектің екінші раундының соңғы секундтарында Шавкат қылқындыру әдісін сәтті қолданып, қарсыласынан басым түскен еді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале