29.06.2023, 10:00
Оқылды: 1127

Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі келесі қарсыласы мен жекпе-жек өтетін күн белгілі болды

UFC президенті Дана Уайт жеңілмеген қазақстандық спортшы Шавкат Рахмоновтың октагонға қашан шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz порталына сілтеме жасап.

InShot_20230629_083905345

Фото Шавкат Рахмоновтың instagram парақшасынан

Шавкат Рахмонов 16 қыркүйекте UFC турнирінде америкалық Кевин Гастелуммен айқасады. Бұл кештің негізгі жекпе-жектерінің бірі болмақ.

Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақ дәрежесінде алтыншы нөмірде екенін еске сала кетейік.

«Номад» бұған дейін UFC-де бес жекпе-жек өткізіп, бәрінде мерзімінен бұрын жеңіске жеткен.

Соңғы айқасында америкалық Джефф Нилдан басым түсті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале