31.10.2023, 15:15
Оқылды: 38

Шахтада қаза тапқан кеншілер қанша жалақы алғаны белгілі болды

Вице-премьер Тамара Дүйсенова Костенко атындағы шахтада қаза тапқан кеншілердің жалақысы қанша болғанын айтты, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ЖП ақша 2

"Біз (қаза тапқан кеншілердің - еск.) жалақысын "Отбасының цифрлық" картасынан қарадық. Олар 300 мың теңгеден 1 миллион 600 мың теңгеге дейін еңбекақы алған. Оның ішінде жастар да бар. Жұмысқа енді тұрғандары бар. Сондықтан кеншілердің жалақысында үлкен алшақтық бар", - деді Дүйсенова үкімет брифингінде.

Ал кеншілердің жалақысын көтеру мәселесі жыл сайын қаралатынын айтты.

"Олардың ұжымдық шартында жұмыс көлемін жүзеге асырғаны үшін тиісті қосымша төлемдер қарастырылған. Былтырлары инфляция деңгейінде, содан кейін өндіріс көлемі тұрғысынан қарастырылды", - деді премьер-министр орынбасары.

 

Ж. Қадыржанова

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале