14.06.2021, 22:21
Оқылды: 185

Шегірткемен күресуге дайынбыз

Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев саяқ шегірткелер мен үйірлі шегірткелерді улау барысында қолданылатын химиялық өңдеу құралдары мен техникалардың дайындығын тексерді.

 6

Биыл да өңірдегі шегіртке зиянкестерін улаумен «Магтоксин» ЖШС айналысады. Аталмыш серіктестік мемлекеттік сатып алу бойынша өткізілген 11 лоттан тұратын ашық конкурсты ұтып алған. Олар  пестицидтерді сатып алу, тасымалдау, сақтау және егістік алқаптарын  өңдеуді жүзеге асырады.

9

– Маусым айының 20-нан кейін облыста шегірткелерді улау басталады. Ол үшін техника да, химиялық өңдеу құралдары да дайын. Облыс бойынша саяқ шегірткеге қарсы 50 мың гектар, ал үйірлі шегірткеге қарсы 70 мың гектарға жуық жерге химиялық өңдеу жүргізіледі. Біз өңірдегі шегірткелерді ғана есепке алмай, сырттан келетін зиянкестерді де назарға алуымыз керек. Соңғы үш жылда бұл зиянкестер түрлі бағыттан ұшып келуде. Біздің өңірмен шектесетін Ресей Федерациясының көршілес облыстарының мамандарымен күн сайын хабарласып, мән-жайды  қадағалап отырмыз. Біздің облысқа бұл зиянкестерден айтарлықтай қауіп болмағанымен, талдау жасап, барлық жағдайға дайын болуымыз керек. Әсіресе қолданылатын химиялық заттардың қаншалықты тиімді екенінің маңызы зор, - деді техникалар мен инсектицидтердің жай-жапсарымен танысқан Мұхтар Наурызбайұлы.

4

«Магтоксин» ЖШС директоры Базарбай Исалиевтің сөзінше, зиянкестерге қарсы шаман, имидор, даклоприд, смерч секілді химиялық өңдеу құралдары қолданылады. Бүгінде серіктестіктің бір техникасы Қаратөбе ауданында зиянкестермен «күресті» бастаған болса, екі техника Нұр-Сұлтанда Елбасының бастамасымен қолға алынған «Жасыл белдеудегі» жұмысқа жұмылдырылған.

11

Облыстық ауылшаруашылығы басқармасының мәліметіне сәйкес, «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжау әдістемелік орталығы» ММ-нен Ақжайық, Бөкей ордасы, Жаңақала, Жәнібек, Казталов, Сырым аудандарында саяқ шегіртке дернәсілдерінің пайда болғаны жөнінде белгі берілген.

Мамандардың сөзінше, экономикалық зиянды шегі (ЭЗШ) 1 шаршы метрге 8 және одан да көп дернәсіл болған жағдайда химиялық өндеу жүргізіледі. Алайда өңірде әзірше мұндай ЭЗШ жағдайы тіркелмеген. Ал саяқ шегірткелерге қарсы өңдеу алаңдары жылдан жылға  азаюда екен.

12

1

10

7

Ясипа Рабаева,

Суреттерді түсірген Эльвира Меңдіғали

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале