«Тәрбиелі ұрпақ – келешегі кемел мемлекет»
25 Маусым 2022

«Тәрбиелі ұрпақ – келешегі кемел мемлекет»

Суға кеткен баланың мүрдесі табылды
25 Маусым 2022

Суға кеткен баланың мүрдесі табылды

Мемлекеттік қызметкерлер спорттан бақтарын сынауда
25 Маусым 2022

Мемлекеттік қызметкерлер спорттан бақтарын сынауда

Теректіде «Қымызмұрындық» этнофестивалі өтті
25 Маусым 2022

Теректіде «Қымызмұрындық» этнофестивалі өтті

Маңызды мәселелер талқыланды
25 Маусым 2022

Маңызды мәселелер талқыланды

«Тәртіп орнаса, жүйе де болады»
25 Маусым 2022

«Тәртіп орнаса, жүйе де болады»

Шілдеден бастап қаржы пирамидалары жайлы SMS арқылы ескертіледі

1 шілдеден бастап қазақстандықтарға қаржы пирамидалары туралы ескертетін sms-тер жолданады. Бұл туралы ҚР Бас прокуроры Берік Асылов Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

22

«Жақын арада (ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап) қаржылық пирамидалардың тəуекелдері туралы смс-хабарламалар тетігі іске қосылады. Сондай-ақ, құқық қорғау жəне мемлекеттік органдар халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуге бағдарланды. Алаяқтық пен қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл жалғасады жəне ерекше бақылауда тұр», - деп жазылған Бас прокурордың депутаттарға жолдаған жауабында.

Бас прокуратураның дерегі бойынша, 2020 жылы қазақстандықтар қаржы пирамидаларына 6 млрд теңгеден астам ақша салып жіберген. Бұл – кейінгі жылдардағы рекордтық көрсеткіш болып есептеледі.

«Соңғы 5 жылда қаржы пирамидалары туралы істерді тіркеу серпіні тұрақсыз (2017 ж - 74, 2018 ж - 103, 2019 ж - 24, 2020 ж - 180, 2021 ж - 160). 2020 жылы өсім байқалған. Бұл кезеңде тіркелген қылмыстардың саны 7 есе (24-тен 180-ге дейін) өскен. Келтірілген залалдың сомасы 6 млрд теңгеден асты (2019 ж - 1,6 млрд теңге).

Қаржы пирамидаларының сайттарына 680 сілтеме бұғатталды. Банктер операциялардың күшейтілген мониторингіне жəне күдікті клиенттермен іскерлік қарым-қатынастарды бұзуға бағдарланды. Осындай 149 адаммен іскерлік қарым-қатынас тоқтатылды жəне оны орнатудан бас тартылды. Мысалы, «Kaspi Bank» АҚ 40 салымшыны тартып үлгірген «Қара қазан» қаржылық пирамидасының ұйымдастырушыларына қызмет көрсетуді тоқтатты», - деп жазылған Бас прокурордың жауабында.

Айта кетейік, өткен аптада Алматы қаласындағы Бостандық ауданының прокуратурасы «Astra Consulting Agensy» және «Alpha Lux Consulting» қаржы пирамидаларына қатысты қылмыстық іс сотқа жолдағанын мәлім еткен еді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале