8.07.2021, 23:45
Оқылды: 292

Шөп шығымы төмен...

Соңғы жылдары Қазақстан да әлемнің өзге елдері секілді су тапшылығынан зардап шеге бастады. Қазіргі кезде су тапшылығы жаһандық сын-қатердің бірі саналады. Соның бір көрінісі ретінде айтар болсақ, биыл Маңғыстау өңірі және Қызылорда облысының Арал ауданы көктемдегі жауын-шашынның болмауынан туындаған қатты құрғақшылықтан зардап шегуде. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сүйенсек, Маңғыстау облысы тұрғындарының малына қажетті азық еліміздің басқа өңірлерінен әкелінуде. Сонымен қатар ашыққан мал Бейнеу және Қарақия аудандарына жеткізілуде, өйткені бұл аудандардағы жайылымдарда жазда мал жаюға мүмкіндік бар. Сондай-ақ Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Атырау облыстарының аумағына жазғы жайылымға 2260 жылқы, 3000 қой, 200 түйе және 1010 ірі қара жеткізілді.

трактор

Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің 2021 жылғы 9 шілдедегі №55 санындағы белгілі журналист Гүлбаршын Әжігерееваның «Шөп шығымы төмен...» атты мақаласынан оқыңыз, оқырман!

 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале