10.06.2022, 11:45
Оқылды: 127

Шығыс Қазақстан облысында 2 мыңнан астам адамды кене шақты

Шығыс Қазақстан облысында сәуір айынан бері 2400-ге жуық адамды кене шақты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

E96EC1BF-FDCA-42EE-B8B0-9288EDFCE4B1

ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, сәуір айынан бері эндемиялық аумақтарда 2388 адамды кене шақты.

Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалардың үлесі 30 пайызға жуықтайды.

«Кене энцефалитіне шалдыққан 2 адам тіркелген. Екі жағдай да Өскемен қаласында болып отыр. Науқастар кене шаққаннан кейін медициналық көмекке жүгінбегендіктен оларға кенеге қарсы иммуноглобулин салынған жоқ. Қазіргі уақытта екеуі де арнайы ем қабылдауда», - делінген ақпаратта.

Жалпы облыс бойынша кене шаққан тұрғындардың 93%-ы кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин алған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале