16.09.2022, 16:15
Оқылды: 195

Шымкентте ашық тұрған терезеден сәбиді құтқарған жігіттердің әрекеті көпшілікті сүйсінтті

Шымкентте ашық тұрған терезеден сәбиді құтқарған жігіттердің әрекеті көпшілікті сүйсінтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1

Оқиға Шымкент қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болған. Екінші қабаттағы ашық тұрған терезенің жақтауында отырған бүлдіршінді көрген көпшілік, бірден көмек беруге ұмтылған. Куәгерлердің түсірген видеосынан жасөспірім жігіттің темір тор арқылы екінші қабатқа өрмелеп шығып, бүлдіршінді қауіпсіз жерге алып кеткенін көруге болады.

Ал, желідегі жазбаға пікір бідірушілер, сәбиін қараусыз қалдырып кеткен ата-анасын жазалау керектігін айтса, кей оқырмандар жас жеткіншектердің батылдығына ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтқан. Арасында «Квартира құтты болсын!» деп әзілдегендер де бар.

Айта кетейік, Шымкент қаласы ТЖД –не бұл оқиға туралы ешқандай хабар түспеген.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале