3.10.2018, 14:47
Оқылды: 72

Шыңғырлауда қазба жұмыстары қолға алынбақ

«Рухани  жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да аталмыш оқу орны мен Шыңғырлау ауданы әкімдігі арасында тарихи-археологиялық жәдігерлерді зерттеп, танып білу мақсатында екі жақты меморандумға қол қойылды.

bqmu (3)

         Жиында Шыңғырлау ауданының әкімі Альберт Есалиев Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жарияланғаннан кейін қазба жұмыстарын қайтадан қолға алғандарын айтты.     -Шыңғырлау ауданында тарихи жәдігерлер мол болғанымен, 2017 жылы аудан орталығында тарихи-өлкетану музейі ашылғанда сол музейге қоятын көрнекті жәдігерлер болмады. Биылғы  көктемде бір қорым зерттелді. Осы жұмысты болашақта жалғастыру үшін университет пен меморандумға қол қойып отырмыз, - деді Альберт Темірболатұлы.

         Тарихшы, Сегізсай кешенін  зерттеу жұмысының жетекшісі Мұрат Қалменовтың айтуынша, 2016 жылы ҚР Мәдениет және спорт минстрлігінен археологиялық және қазба жұмыстарын жүргізуге лицензия алынған.

          Меморандумның басты мақсаты – Шыңғырлау ауданындағы үйінділерді зерттеп, археологиялық маңызын ашып, ғылымға өз үлесімізді қосу. Ауданда 350-ге жуық оба мен үйінді бар. Бұлар ортағасырлық тарихты қамтитын обалар болып саналады. Табылған құнды жәдігерлерді заң шеңберінде аудандық музейдің қорына табыстаймыз. Биыл БҚМУ-дың тарих мамандығы бойынша білім алып жатқан бірінші курс студенттері оқытушыларымен бірге Шыңғырлау ауданының Есенамантау жазығының үстінде орналасқан Сегізсай кешенінде бір обаға қазба жұмыстарын жүргізген болатын. Сол жерден моншақ, айна, пышақ сияқты заттар табылды, - дейді М. Қалменов.

Есенжол ЕЛЕКЕНОВ,

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

bqmu (5) bqmu (6) bqmu (7)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале