17.04.2022, 12:20
Оқылды: 102

Сіздер - менің отбасым: Димаш Құдайбергеннің Прагадағы концерті дүркіреп өтті

Кеше Чехия астанасы Прага Димаш Құдайбергеннің «ARNAU» эстафетасын қабылдады. DimashNews редакциясына берген сұхбатында әнші пандемияның 2 жылынан кейін көптен күткен жеке концерті жайлы айтып берді.220417121850292e

Чехияның жүрегіндегі шоуды жарқын әрі әсерлі аяқтаған Димаш пандемиядан кейін жеке концертпен оралу - ештеңемен салыстыруға келмейтін керемет сезім тудырғанын айтты.

«Иә, пандемияның 2 жылында әртүрлі марапаттар мен фестивальдерде өнер көрсеттім, бірақ жеке концертпен оралу – мүлдем басқа эмоция. Атмосфера таныс, ерекше. Сондықтан, әрине, барлық Dears-қа маған көрсеткен сүйіспеншілігі мен қолдауы үшін алғыс айтқым келеді», - дейді ол.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале