1.12.2023, 13:00
Оқылды: 73

Соғыс жылдары елімізге қанша түлік әкелінді?

1941 жылдың күзінде Қазақстанның батыс облыстарына Украинаның Запорожье, Полтава, Винница, Кировоград, Одесса, Николаев және тағы басқа облыстарынан мал айдалып әкеліне бастайды.

сырым логомен дала (3)

Айталық, Батыс Қазақстан облысының қабылдау пункттері 76 581 ірі қара, 50 579 қой және 5 902 жылқыны қабылдап алған. Әкелінген мал облыстың оңтүстік аудандары мен Орал қаласының төңірегіндегі қосалқы шаруашылықтарға орналастырылады.

Жүздеген шақырым қашықтықтан өтіп Қазақстанның батыстағы Орал, Ақтөбе және Гурьев облыстарына келіп жатты. Мәселен сол жылдың күзінде Ақтөбе және Гуревь облысына 39 878 мал орналастырылған екен.

Алайда жергілікті жерлерде әкелінген малды орналастыруда мал қоралар жетіспеді. Оларды салуға материалдар тапшылығы мен уақыттың жетіспеуі де көптеген қиындық тудырады.

Ал 1942 жылы жаудың жазғы шабуылының күшейуіне байланысты Қазақстанға Ростов, Сталинград, Ворнеж, Ставрополь өлкесі мен Қалмақ АКСР-ның колхоздары мен совхоздарының малы тағы да жөнелтіле бастайды.

Осылайша Қазақстанға 1941-1942 жылдары барлық түліктен 552,7 мың мал көшірілген екен.

 

Зұлқожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале