23.01.2023, 12:00
Оқылды: 20

"Соңғы 1200 жылда болмаған құрғақшылық": АҚШ ғалымдары табиғат апатын алдын алуды ескертті

АҚШ алдағы 10-20 жылда жағдай өзгермесе бүкіл елді апатты жағдайға жеткізетін қуаңшылықты ескертуде. Қазірдің өзінде Американың батысы ұзаққа созылған құрғақшылықты бастан кешуде. Бұл барлық аймақтағы су ресурстарына қатты қысым жасайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Newsweek порталырна сілтеме жасап.

IMG-20230123-WA0009

Ғалымдар Американың құрлықтағы 65 пайызы құрғақшылықтың қандай да бір түрін бастан кешіріп жатқанын ескертуде. Ал басылым ең көп зардап шеккен штаттардың қатарында Юта, Орегон, Небраска, Канзас және Оклахома бар екенін мәлімдеді. Олардың барлығында қатты құрғақшылық орын алған.

"Аймақ ерекше құрғақшылықты бастан кешуде. Бұл соңғы 1200 жылда болмаған құрғақшылық", - дейді ғалым Рик Райли.

Қоршаған ортаны және энергияны басқару институтының жетекшісі Джонатан Дисон тағы бір он-екі жыл құрғақшылық болса сулы горизонттарды айтарлықтай сарқып тастайтынын ескертті.

“Бұл жер асты суларының ресурстарын жоғалтып қана қоймай, сонымен қатар жердің шөгуіне алып келеді, бұл қоғамдық инфрақұрылымға жалпы зиян келтіреді”,- деді Джонатан Дисон.

Мега-құрғақшылық кейбір аудандарда ауыз су тапшылығын туғызып, ауыз судың сапасын төмендетеді. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы дақылдары, өнеркәсіп және үй шаруашылықтары үшін қолжетімді су көлемін азайтады.

Сарапшылардың болжауынша, АҚШ-та қатты құрғақшылық кезеңі 2030 жылға дейін жалғасуы мүмкін.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале