15.02.2023, 15:29
Оқылды: 52

Соңғы он жылда ұлттық қордан 23 млрд доллар алынды

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова соңғы жылдары Ұлттық қор активтерінің неге азайғанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

тенге

Оның айтуынша, 2014 жылы Ұлттық қордың ең жоғары нарықтық құнына қол жеткізілді. Ол кезде қордың валюталық бөлігі 73 миллиард долларды құраған.

"Ұлттық қор активтерінің төмендеуі, негізінен, 2020 жылы пандемия және 2021 жылы пандемиядан кейінгі қалпына келтіру кезінде қомақты қаражаттың алынуымен байланысты", - деді Молдабекова Сенатта өткен отырыста.

Айтуынша, шығындар мен кірістерді есептегенде, қордың активтері 15 миллиард долларға азайған.

"Соңғы он жыл ішінде Ұлттық қордан алынған қаражат сомасы 23 миллард долларды, ал инвестициялық кіріс 8 миллиард долларды құрады. Сонда 10 жылда қор активтері 15 миллиард долларға азайып отыр", - деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале