19.05.2022, 11:15
Оқылды: 94

Сот жұбайлардың ортақ мүлкін бөлу туралы істі шешті

Орал қалалық №2 сотына талапкер Н. бұрынғы жұбайы К.-ға некеде тұрған  уақыттағы ортақ меншікті бөлу туралы талап арызымен жүгінді. Талап арыздың мәні бойынша, жауапкер талапкердің алдын ала келісімін ала отырып, неке кезінде алынған пәтерді сатып, сатылғаннан кейін ипотекалық займды жауып, қалған соманы талапкер екеуі өзара бөлуге келіскен. Алайда жауапкер өз уәдесінде тұрмай, ипотекалық қарызды жауып, қалған соманы талапкерге бермеген.

7

Фотосурет: journalist.today

Сот отырысы барысында талапкер сөзі расталып, жауапкердің қалған ақшаны өз бетінше қолданғаны дәлелденді. Сот жауапкердің ықылассыз әрекеті  арқылы жұбайынан қасақана ақшаны жасырғаны туралы тұжырымға келді.

Сот шешімімен жауапкерден талапкер пайдасына жылжымайтын мүлікті сатқан сомадан қалған  ½  үлес бөлшегінде ақшалай қаржы өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Райгүл Иманғалиева,

 Орал қалалық №2 сотының бас маманы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале