15.06.2021, 0:08
Оқылды: 232

Сөз асылы айтыста

Бүгінде керуен емес, көш емес, бүкіл тілеулес халқын қосып алып, тұтас қозғалысқа айналып бара жатқан айтысты қарасам, сонау Сүйінбай, Жамбыл, Сара, Біржан сал кезіндегі айтыстарды көз алдыма елестеткім кеп, қазіргі ақындарды сол заманға, бұрынғы дүлдүлдерді мына жайнаған сахнаға ойша әкеп қойғым кеп қиялға шоматыным бар. Сосын сол заманғы айтыс құрылымын, ұйымдастыру жолдарын, қалай шақырып, қалай өткізгенін тағы ойлайсың отырып алып. Ол кезде қазіргідей тобымен, 7-8 жұпты бір-ақ жинап, нөпір өткізбегесін райы да, шырайы да басқаша болған шығар, мүмкін... Ел жиылып тыңдайтын айтысты – айтыс, былайғы болып қала беретін өлең-қақпақылды қақтығыс деп атаған шығар, мүмкін. Сөзге шешен, тілге жүйрік,тақпақтамай, өлеңдетпей сөйлемейтін ділмәрлар аз болмаған ғой. Соның ішінен өрелілері ғана озып шығып, айтысқа түсе алған болар...

IMG_4143

Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің 2021 жылғы 15 маусымдағы №48 санындағы белгілі ақын Дариға Мұштанованың республикалық додадан түйген ойын «Сөз асылы айтыста» атты мақаласынан оқып біле аласыз, оқырман!

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале