16.11.2021, 17:55
Оқылды: 122

Спортшыларға құрмет 

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов әлем және Еуропа чемпионаттарынан жеңімпаз-жүлдегер болып оралған облыс спортшыларымен және олардың бапкерлерімен кездесті. 

WhatsApp Image 2021-11-16 at 17.51.58

– Біздің облыстың спортшылары халықаралық жарыстарда топ жарып, жоғары нәтиже көрсетіп жүр. Спортшылар, сіздерге және бапкерлеріңізге қол жеткізген жетістіктеріңіз үшін алғысымды білдіремін.  Осындай спортышылар тәрбиелеп отырған ата-аналарыңызға да ризашылығым зор. Жеңімпаздардың арасынан нәзікжанды аруларымызды да көру – үлкен мақтаныш. Бүгінгі  жетістіктермен шектеліп қалмай, алдағы байрақты бәсекелерде де жеңіс тұғырынан көріне беріңіздер. Зор денсаулық пен  табысты еңбек тілеймін, – деді Бақытжан Хаберұлы.

WhatsApp Image 2021-11-16 at 17.51.53

Әрбір спортшымен жеке-жеке танысқан облыс әкімінің орынбасары оларға қандай көмек-қолдау керек екенін де сұрады. Әлем және Еуропа чемпионаттарында  еліміздің көк байрағын желбіреткен, жүлдегер атанған спортшылар әлі де талай шыңды бағындыратындарына сенімді. Бақытжан Хаберұлы Түркияның Стамбул қаласында  карате-шотоканнан жасөспірімдер арасында өткен  Әлем чемпионатының жеңімпазы Арсен Куловқа, аталмыш жарыстың күміс және қола жүлдегерлері Нұрислам Қайырғали, Дархан Тимралиев,  Әлихан Ақжолов, Арина Якубина, Нұркен Хамидолла,  Натали Касиковаға алғысхат пен бағалы сыйлықтар табыс етті. Сонымен бірге Францияның Версель қаласында өткен Сурдо  дзюдодан Әлем чемпионатының қола жүлдегері Дина Иржанова, пауэрлифтингтен жастар арасында Әлем чемпионы (Вильнюс, Литва)  Райымбек Қадыров,  таеквондо ITF-тан жасөспірімдер арасында Еуропа чемпионы атанған Алессандро Карбоне мен Данил Рубцов та осындай марапатқа ие болды.

WhatsApp Image 2021-11-16 at 17.51.59

Бұл спортшылардың табысты өнер көрсетуіне жаттықтырушылары Ринат Мергалиев, Теміржан Хасангалиев, Аман Капышев, Аралбек Ахметовтардың қосқан үлесі зор. Бапкерлер спортшылардың еңбегін бағалап, құрмет көрсеткен облыс басшылығына ризашылығын білдірді.

WhatsApp Image 2021-11-16 at 17.51.57

WhatsApp Image 2021-11-16 at 17.51.56

Өз тілшіміз

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале