21.04.2024, 17:04
Оқылды: 50

"Стеновик" бау-бақша серіктестігінің 585 тұрғыны алдын ала эвакуацияланды

Бүгін Орал қаласы, Зачаганск кентінде, "Стеновик" бау-бақша серіктестігінде су деңгейінің жоғарылауына байланысты Жайық өзенінде уақытша салынған жалдар, атап айтқанда топырақ үйіндісі мен төселген қапшықтар бұзылды. Бұл туралы BATYS.TODAY хабарлады. 

InShot_20240421_171656434

Нәтижесінде "Космос", "Стеновик", "Отдых", "Комарово", "Уралочка", "Дорожник" секілді алты бау-бақша қоғамына су кірді. Серіктестіктегі саяжай учаскелерінің саны – 820, ал 190 учаскеде 620 адам тұрады, оның ішінде 300 бала. Бұл саяжайлар Жайық өзенінің аласа бөлігінде орналасқан. Уақытша дамбалар сәуір айының басында салынған болатын.
Қазіргі уақытта 300 саяжай су астында қалды. Серіктестіктің 585 тұрғыны алдын ала эвакуацияланғанын атап өткен жөн. Бүгінгі таңда учаскелерде үйлерді күзету үшін 35 ер адам қалды. Қазіргі уақытта қалған тұрғындардың жоқ екеніне көз жеткізу үшін саяжай үйлерін аралау жүргізілуде. Іс-шара барысында 4 адам құтқарылып, оларға қажетті алғашқы көмек көрсетілді, 1 адам эвакуацияланды, 30 адам өз бетінше қоныс аударды.
Хабарлама келіп түскен сәттен бастап аумақты тұрғындардың жоқ екеніне көз жеткізу, адамдарды эвакуациялау және құтқару, тұрғын үйлер мен учаскелерді аралау, бау-бақша серіктестігі аумағындағы ахуалға талдаулар жүргізілуде.
Аталған жұмысқа 230 жеке құрам, 23 бірлік техника және 10 жүзу құралдары жұмылдырылды.

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале