23.09.2021, 18:42
Оқылды: 212

Студенттер теолог маманмен кездесті

Бүгін Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде І-IV курс студенттері арасында еліміздегі зайырлылық қағидалары мен мемлекеттің дін саласындағы саясатын түсіндіру мақсатында кездесу өтті.

2021-09-23 at 17.05.44

БҚО Дін істері басқармасына қарасты дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Бағдат Адайхан білім алушылармен кездесіп, олардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында діни заңнама, зайырлылық тақырыбында сөз қозғап, теріс ағымдардан сақтану шараларын түсіндірді.

Дінтанушы діни сауаттылықтың төмендігі жастардың тура жолдан адасуына әкеп соғатынын айтып, кез келген ақпаратты аларда аса ұқыптылық таныту керектігін атап өтті.

2021-09-23 at 17.05.33

Сонымен қатар дін саласының өкілі: «Әлеуметтік желілер арқылы таратылатын жалған ақпараттардан сақтану қажет. Оларды сақтау немесе тарату сынды қарапайым іс-әрекеттер заңға қайшы келеді. Көп жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартуға дейін жеткізеді», - дейді.

Тағылымды кездесу соңында студенттер дін тақырыбы бойынша көкейлерінде жүрген сауалдарына толыққанды жауап алды.

Бұған дейін жоғары оқу орнының І курс студенттері арасында «Жат ағымдарға жол жоқ» тақырыбында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары онлайн форматта жүргізілген болатын.

 

БҚАТУ медиа-орталығы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале