8.06.2021, 16:04
Оқылды: 217

Студенттер университет аумағын абаттандыруда

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті Индустриалды-технологиялық институтының студенттері оқу орны ғимаратының аумағын абаттандырып, жұмыла еңбек етуде.

 студенттер

Еңбектің көрігін қыздырған «Құрылыс және құрылыс материалдары» жоғары мектебінің І, ІІ, ІІ курс студенттері өз мамандықтарына осылайша бүгіннен бастап адалдық танытуда. Мұндағы мақсат – оқу-танысу және өндірістік тәжірибе уақытын ұтымды пайдалану, студенттерді еңбекке баулу, өздері білім алып жүрген қара шаңыраққа деген құрметтері мен сүйіспеншіліктерін арттыру. Еңбекшіл жастар өздеріне қойылған талаптарға сай аса жоғары жауапкершілікпен қызмет атқаруда.

абаттандыру

Тағы бір айта кетерлігі, болашақ құрылысшылар Индустриалды-технологиялық институт қарамағындағы «Жас құрылысшы» оқу-ғылыми-өндірістік орталығында төсемтас өндіріп, білім ордасының аумағына төсеуге пайдалануда. Осылайша білім алушылар өздері таңдап түскен,  қызығы мен қиындығы қатар жүретін, мемлекеттің дамуына үлкен үлес қосатын «құрылыс» мамандығының қыр-сырымен жете танысуда. Ал бұл салада белгілі дәрежеде тәжірибелері бар ІІІ курс студенттері өз білімдерімен бөлісіп, жұмыстың барысын І курстың білім алушыларына үйретуде.

Жалпы «Құрылыс және құрылыс материалдары» жоғары мектебінде оқу жылы барысында аудиториялық сабақтармен қоса студенттерді мекемелерге, құрылыс алаңдарына апарып, жұмыс барысымен таныстырып отыру дағдыға айналған.

 

Университеттің медиа-орталығы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале