11.08.2021, 11:46
Оқылды: 420

Студенттеріміздің қоржынында – қос жүлде

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенттері, жас спортшылар Әділбек Сейсов пен Риза Сүлейменова кезекті спорттық додадан жүлдемен оралды.

Адилбек

Ағымдағы жылдың 5-7 тамызы аралығында Атырау қаласында өткен самбо күресінен ерлер мен әйелдер арасында және жауынгерлік самбодан Қазақстан Республикасының Кубогында спорттық шеберліктерін сынға салған Әділбек Сейсов пен Риза Сүлейменова жүлделі орындардан көрінді. Атап айтқанда, 72 келі салмақ дәрежесінде бағын сынаған Риза 2-орын алса, 71 келі салмақ дәрежесі бойынша Әділбек 3-орынға қол жеткізді.

БҚАТУ медиа-орталығы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале