27.08.2026, 17:45
Оқылды: 14

Студенттік өмірге алғашқы қадам

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетіндегі Политехникалық институтта бірінші курс студенттерімен кездесу өтті. Кездесуге барлық мамандықтар бойынша білім алатын бірінші курс студенттері және олардың эдвайзерлері қатысты.

IMG_2312.JPG

Кездесу барысында институт директоры Жанна Кубашева  студенттерді жаңа оқу жылының басталуымен және студент атануларымен құттықтап, алдағы оқу жылына сәттілік тіледі. Сонымен қатар институттың негізгі қызмет бағыттары, ішкі тәртіп ережелері, студенттердің құқықтары мен міндеттері туралы айтып, студенттік өмірге қатысты маңызды ақпараттармен бөлісті.

Тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Бибігүл Сарбалина студенттерге тәрбие жұмысының негізгі бағыттарын түсіндіріп, оқу орнындағы әдеп сақтау, ішкі тәртіп ережелерін орындау, академиялық адалдық пен жауапкершіліктің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ студенттерді институттың қоғамдық, мәдени, спорттық және волонтерлік іс-шараларына белсенді қатысуға шақырды.

Кездесу барысында эдвайзерлер де студенттерге оқу үдерісіне байланысты қажетті ақпараттарды беріп, институттағы студенттік өмірге бейімделу бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді.

Кездесу еркін әрі жылы атмосферада өтіп, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Бірінші курс студенттеріне жаңа ортаға тез бейімделіп, білім жолында белсенділік танытып, өз мүмкіндіктерін барынша пайдалануға бағыт-бағдар берілді.

Бибігүл Сарбалина,

Политехникалық институт директорының ТЖЖ орынбасары,
техника
ғылымдарының кандидаты

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале