23.04.2024, 10:30
Оқылды: 24

Су тасқыны: ахуал қандай? Үкіметте айтылды

Дәл қазір Үкімет отырсында ҚР ТЖМ өңірлердегі су тасқыны жағдайы туралы айтылып жатыр.

IMG_20240423_101755_284

Фото: t.me/KZgovernment

Үкімет баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазіргі уақытта Атырау, Батыс, Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынын жою жұмысы жалғасып жатыр.

Ресейдің Ирикла су қоймасынан Жайық өзеніне ағызған судың салдарынан батыста жағдай күрделене түсті, ал солтүстікте су Ақмола облысынан келіп жатыр.

Абай, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау, Ақмола және Қостанай облыстарында жағдай тұрақты, жергілікті өзендердегі су деңгейі біртіндеп төмендеуде. Бұл өңірлердегі елді мекендерді су басу қаупі жоқ.

Төтенше жағдай аймақтарындағы елді мекендердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мәселелері жедел шешілуде.

Бұл ауыз суды жеткізуге, энергиямен жабдықтауды және көлік байланысын қалпына келтіруге қатысты.

Су тасқынын жою жұмысы басталғаннан бері шамамен 11,6 миллион текше метр су сорылып, 5 миллионнан астам құм қапшық төселді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале