9.03.2022, 15:15
Оқылды: 144

Су тасқыны бойынша халыққа арналған жаднама

Қыс мезгілінде жиналған кір-қоқыспен бірге жұқпалы аурулардың қоздырғыштары көктемде еріген қар мен мұзбен бірге өзендер, көлдер, құдықтағы суларға түсіп, суды ластайтыны белгілі. Осыған байланысты су жолымен қандай жұқпалы және жұқпалы емес аурулар беріледі деген сұрақ көпшілікті мазалайтыны рас.

Без названия

Су тасқыны кезінде жұқпалы ауруларды тудыратын қолайсыз эпидемиологиялық жағдайлар дамуы мүмкін. Су жолымен: гепатиттер, тырысқақ, іш сүзегі, паратифтер, дизентерия, лептоспироз, туляремия (ауыз судың кеміргіштердің бөлінділерімен ластануы), құрттар, бруцеллез, сальмонеллез беріледі.

Су арқылы берілетін вирустық аурулардың ішінде ішек вирустарының тобы, соның ішінде энтеровирустар, гепатит-А және басқалары жиі кездеседі. Өзендерден, ұсақ көлдерден су тасып, жаңбыр суларымен араласқан кезде еріген су түзіліп, бұл құдықтар мен лас қалдықтар үшін қазылған шұңқырлар, шаруашылық аулалар, дәретханалардағы сулардың жаппай ластануына әкеліп соғады.

Су тасқынының тағы бір проблемасы - кеміргіштер, көптеген аурулардың қоздырғыштары. Олар тұрғын үйлер мен ғимараттарға еніп, адамның жұқпалы және паразиттік аурулармен ауыру қаупіне ықпал етуі мүмкін.

Батыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті су тасқыны кезінде түрлі аурулардың алдын алу үшін тұрғындардың келесі қарапайым және тиімді ережелерді сақтауы қажеттігін ескертеді:

  1. Дәретханаға барғаннан кейін, тамақ дайындау және тамақтану алдында, жеке учаскеде жұмыс істегеннен кейін қолды сабынмен мұқият жуу, мүмкіндігінше қолды жиі жуу.
  2. Ішуге тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдалану.
  3. Азық-түлікті сақтау және дайындау ережелерін сақтау.
  4. Тамаққа термиялық өңдеуден өткен азық-түлік өнімдерін қолдану.
  5. Жеке гигиена ережелерін сақтау, оның ішінде жас балаларға күтім жасау кезінде.
  6. Көкөністер мен жемістерді қайнаған сумен өңдеу, ағынды сумен мұқият жуу.
  7. Тұрғын үй-жайларды және үйдің жанындағы аумақты таза ұстау.
  8. Толтырылуына қарай қазылған шұңқырларды сорғызып тұру.
  9. Ауыз су мақсатында пайдаланылатын ұңғымаларды тазарту, дезинфекциялау.
  10. Тасқын суға малынған тамақ өнімдерін пайдаланбау.
  11. Жеке учаскеде жұмыс істеген кезде қолды қорғау құралдарын қолдану, ластанған қолдардағы инфекция ағзаға түспеуі үшін жұмыс кезінде тамақ ішпеңіз және темекі шекпеңіз.
  12. Тұрғын үйлер мен аула аумақтарын қолғаппен тазалаңыз.

Жедел инфекциялық ауру белгілері: дене қызуының көтерілуі, құсу, іштің өтуі және т.б. пайда болған жағдайда дереу жергілікті медициналық ұйымнан медициналық көмек сұраңыз.

Гигиеналық ережелерді сақтау Сізді көптеген аурулардан қорғайды!

Л.Утешева,

БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бөлімінің басшысы

Суреттің дереккөзі: egov.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале