24.09.2024, 12:00
Оқылды: 53

Су тасқыны кезеңінде су қоймаларында 12 млрд м3 астам су жиналды

Үкімет отырысында су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов су тасқыны кезінде су қоймаларында 12 млрд м3 астам су жинақталғанын хабарлады.

3F85012E-F9CC-4107-820F-B4E6A0450F7B

Сурет: Үкімет

Бұл су қазір экономика салаларының қажеттілігі үшін пайдаланылады. Мысалы, өткен жылы бүкіл су тасқыны кезеңінде су қоймаларынан жалпы су ағызу шамамен 13 млрд м3 құраса, биыл бір айда 36 млрд м3 асты, бұл ағымдағы су тасқынының ауқымын көрсетеді.

«Бұл ретте, біздің су шаруашылығы құрылыстары шиеленісті кезеңде суды қабылдауды және қауіпсіз ағызуды қамтамасыз етті, бұл тасқын суларды соңғы жылдары тапшы болған су айдындарына жіберуге мүмкіндік берді», — деп атап өтті Нұржан Нұржігітов.

Министрліктің мәліметінше, бір Астана су қоймасын тасқын сулармен толтыру 2 млрд теңгеден астам үнемдеуге мүмкіндік берді, өйткені оны Қ. Сәтбаев каналы арқылы қосымша толтыру қажеттілігі жойылды. Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының Қамыс-Самар көлдеріне 80 млн м3 тасқын су құйылды. Ұлытау облысынан Қызылорда облысына 839 млн м3 су жіберілді. Жыл басынан бері Балқаш көліне 12 млрд м3 су келді. 

Биылғы қыркүйек айының басындағы жедел деректерге сәйкес, су қоймаларынан ауыл шаруашылығының қажеттілігіне 8,4 млрд м3 су, өнеркәсіпке – 3,7 млрд м3 пайдаланылды. 

Қазіргі уақытта Қазақстанның Солтүстік, Орталық, Шығыс және батыс өңірлерінің су қоймалары 80%-ға толды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале