23.04.2024, 15:31
Оқылды: 57

Су тасқыны салдарынан туындаған төлемдерді кешіктіргені үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар есептелмейді

Тасқыннан зардап шеккен қарыз алушыларға көмек көрсету шеңберінде банктер мен микро-қаржы ұйымдары су тасқынынан зардап шеккендерге несиелер бойынша төлемдер 2024 жылғы 1 сәуір мен 30 маусым аралығында 3 ай мерзімге кейінге қалдырады. Зардап шекендердің тізімі қала/аудан әкімдіктерімен жасақталып, қаржы нарығын реттеу Агенттігіне ұсынылады. Су тасқынының кесірінен несие төлемдерін кешіктіргені үшін азаматтарға айыппұлдар мен өсімпұлдар есептелмейді.

Ақша JP

Сондай-ақ шаруашылық қызметтің бұзылуына әкеп соққан су тасқынынан зардап шеккен барлық жеке кәсіпкерлер, шағын және орта бизнес субъектілері берген өтінішті ескере отырып, кредиттер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру мүмкіндігі беріледі.

БҚО әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов брифингте атап өткендей, зақым келген әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар бюджет есебінен қалпына келтіріледі.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress. kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале