23.04.2024, 12:27
Оқылды: 24

Су тасқыны: тұрғын үй мәселесі қалай шешіледі?

Бүгін Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлімдеді.

77a2e281-14a0-4171-b6bf-644eeca14a48

Фото: t.me/KZgovernment

Министрдің баяндауынша, ҚР ӨҚМ су тасқынынан зардап шеккендерге тұрғын үй мәселесін шешу үшін қосымша механизмдер әзірлеген.

- әкімдіктермен дайын пәтерлер сатып алу;
- зардап шеккен азаматтардың бекітілген жобаға сәйкес өз қалауымен баспана таңдауы;
- әкімдіктермен жөндеу жұмыстарын жүргізу немесе олардың шығындарын өтеу.

Сонымен қатар жалғыз баспанасынан айырылған саяжай тұрғындарына да қолдау көрсетіледі.

Бүгінгі таңда әкімдіктермен жаңа құрылысқа жер учаскелерін таңдау жұмысы жүргізіліп жатыр.
Ақтөбе облысында құрылысы басталды. Ал Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстарында дайын жаңа баспана кілттері табысталуда. Бұл жұмыс басқада өңірлерде жалғасады.

t.me/KZgovernment

📱

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале