30.10.2023, 15:00
Оқылды: 59

Суицид пен зорлық-зомбылықтың алдын алу курстары: жыл соңына дейін 3500 педагог біліктілігін арттырады

Жылдың соңына дейін 3500-ге жуық педагог балалар арасындағы құқық-бұзушылықтарды болдырмау, сондай-ақ білім беру ұйымдарында қолайлы тәрбиелеу ортасын қамтамасыз ету бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.

msg-1001309508988-7558

Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқыту онлайн және офлайн жүргізіледі, ол орта мектептердің басшыларын, педагогтерін және педагог-психологтарын қамтиды.
Аталған білім беру бағдарламалары бойынша жыл басынан бері еліміздің әр өңірінен 7400-ден астам педагог қажетті білім мен дағдыларға ие болды.

Айта кетейік, балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз етудің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды іске асыру кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі аспектілерін қамти отырып, белсенді түрде жүргізілуде.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале