14.06.2022, 11:29
Оқылды: 119

«Сұлулық әлемді құтқарады» халықаралық симпозиумы

2022 жылғы 15-19 маусым аралағында Орал қаласындағы  «Атамекен» өнер ордасында «Сұлулық әлемді құтқарады» («Красота спасет мир») тақырыбындағы шығармашылық өнерді дамыту жөніндегі халықаралық симпозиумы өтеді.

IMG-20220614-WA0003 (1)

Симпозиумның мақсаты – Халықаралық дәрежедегі суретшілермен тығыз байланыс орнатып, еліміздің мәдени қорын кеңейту, қазақ елінің мәдениеті мен өнерін, әлеуметтік-экономикалық дамуын, рухани баюын суретшілердің қылқаламы арқылы жеткізу. Өскелең ұрпаққа патриоттық, эстетикалық тәрбие беру. Халықаралық суретшілер арасындағы достық, мәдени-шығармашылық байланыстарды дамыту және нығайту.

Симпозимның ерекшелігі – сурет өнерін дамыту. Көптеген жас суретшілерге кәсіби суретшілермен тәжірибе алмасып, біліктілігін арттырып, шығармашылығын шыңдауға мүмкіндік жасау. Оларды Халықаралық көрмелерге қатысып, құнды дүниелер жасауға баулу.

Халықаралық суретшілердің басын қосып, тәжірибе алмасуына мүмкіндік беретін жоба 2018 жылдан бері өткізіліп келеді.

Биыл Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өткізілгелі жатыр. Симпозиумға 20-ға жуық суретші қатысады. Жоба аясында плэнер, конференция, көрме және шеберлік сағаттары өткізіледі.

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале