21.11.2022, 10:01
Оқылды: 26

Сұрапыл жылдардан тың дерек

Ұлы Отан соғысындағы Сталинград шайқасы шеңберінде ақтаңдақтар баршылық. Кеңес одағы кезіндегі зерттеушілер неміс-фашист басқыншылары Еділден әрі өткен жоқ деген саясатты ұстанды. Зұлмат соғыстың Батыс Қазақстан өңірін қамтығанын жасырып бақты. Сталинград майданының тұсында әуедегі жау ұшақтарының Еділ емес, Жайық өзенінің арғы бетіне өткені жасырын емес.

5

1943 жылы ақпанда бұрынғы Тайпақ ауданындағы Есенсай ауылының іргесіне Қызыл Армияның ұшағын жаудың «Мессершмитт» ұшағы қуып келіп, атып құлатқаны көпке белгілі. Қаза тапқан ұшқыштарды жергілікті тұрғындар Есенсай ауылындағы қорымға жерлеген. Бұл оқиға туралы 2013 жылы облыстық «Орал өңірі» газетіне ақжайықтық журналистер – Болат Есқалиев пен Борис Мырзағалиев мақала жазды. Сонымен қатар елімізге белгілі журналист Жанболат Аупбаев 2001 жылы «Егемен Қазақстан» газетіне «Қазақ даласы. 1942 жыл. Құмға құлаған «Юнкерс» атты мақаласын жариялаған болатын.

Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Орталық архивінен «Память народа» сайты арқылы тың мәлімет таптық. Архив құжаттарында 1942 жылы 30 қарашада Батыс Қазақстан облысының Тайпақ ауданы аумағында Қызыл Армияның ұшағы әуе апатына ұшырап, ұшақ экипажындағы төрт адам қаза тапқан. Архив құжатындағы дереккөзге сенер болсақ, қаза тапқандарды Батыс Қазақстан облысының Тайпақ ауданына қарасты Чапаев ауылының оңтүстік-шығысында 37 шақырым жерде жерлеген.

Бұл мақаланың толық нұсқасын "Орал өңірі" газетінің №137 (19.11.2022 ж) санынан оқи аласыздар!

 

Ахмедияр Батырханов,

М.Мәметова мемориалдық музейінің меңгерушісі,

Орал қаласы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале