16.04.2024, 10:17
Оқылды: 55

Сурдо дзюдодан Қазақстан құрамасы әлем чемпионы атанды

"Түркістанда сурдо дзюдодан әлем чемпионаты аяқталды. Жарыстың соңғы күнінде спортшылар ката және командалық бәсеке бойынша өзара мықтыны анықтады", - деп хабарлайды ҚР туризм және спорт министрлігі.

00f11b23a6aa21df5545b4e78d867014_1280x720

Фото: www.gov.kz

Сурдо дзюдодан Қазақстан ерлер құрамасы командалық жарыста әлем чемпионы атанды. Ұлттық құрама спортшылары финалда Украина спортшыларын 2:1 есебімен жеңді. Ал жарыстың қола жүлдесіне Оңтүстік Корея құрамасы ие болды.

Әйелдер арасындағы командалық жарыста Украина дзюдошылары қарсылас шақ келтірмеді. Оңтүстік Корея әйелдер құрамасы екінші орынға, Қазақстан әйелдер құрамасы үшінші орынға жайғасты.

Әлем біріншілігінде сурдо ката санаты бойынша ел намысын қорғаған Еркін Сұлтанбаев пен Игорь Корман әлем чемпионы атанды. Оңтүстік Корея құрамасының спортшылары – күміс, ал Украина құрамасы қола жүлде жеңіп алды.

b6ef1233358efc313e1da65a603b387d_1280x720

Айта кетерлігі, сурдо спорт бойынша Қазақстан алғаш рет әлем чемпионатын қабылдады. Есту қабілеті төмен спортшылар арасында өткен әлем чемпионатының жекелей сайысында Қазақстан құрамасы 3 алтын, 6 күміс және 4 қола жүлдені жеңіп алды.

Алтын: Алтынбек Какитаев (66 кг), Шадияр Қуандық (73 кг), Тоқтарбек Айдарбек (-100 кг)

Күміс: Дина Иржанова (57 кг), Ерсін Болатов (60кг), Нұрмұхаммед Әлдібек (66 кг), Айдос Түгелбаев (90 кг), Анна Краморова (-78 кг), Екатерина Чебышева (+78 кг).

Қола: Фериде Қараоғлы (52 кг), Анастасия Тимошенко (-70 кг), Еркебұлан Қанафин (-81 кг), Сабыржан Хапизов (+100 кг).

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале