14.04.2026, 9:45
Оқылды: 20

Өңір құрамасы сурдобадминтоннан ел чемпионы

1b5c5473-83b2-48b6-a700-c686f4b1cba5

e1cbd0a6-34b4-4549-9986-4c49cf9458f1

f6f06dba-133b-4cc8-a435-e5344e2c004d

Орал қаласында есту қабілеті төмен спортшылар арасында сурдобадминтоннан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Ел біріншілігіне еліміздің алты өңірінен 75 спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады. Дода қорытындысында облыс құрамасы жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жалпыкомандалық есепте жеңімпаз атанды.

Жарыс барысында өңір спортшылар әр санатта тұрақты ойын өрнегін көрсетіп, жүлделі орындардан көрінді. Әсіресе 2005–2008 жылдары туған жастар арасында нәтиже жоғары болды.

Жекелей сында Әнес Мадияр күміс жүлдеге ие болса, қыздар арасында Сәлима Бақытова чемпион атанды. Әдемі Жайлыбаева күміс, Шұғыла Алтаева қола медаль жеңіп алды. Жұптық бәсекеде де жерлестеріміз табысты өнер көрсетті: Ұлдар арасында Әнес Мадияр мен Нұртілек Аблаев күміс жүлдеге қол жеткізсе, Ізтелеу Мұрат (БҚО) пен Ерлан Мажитов (Ақтөбе облысы) жұбы қола жүлдегер атанды. Қыздар жұбында Сәлима Бақытова мен Шұғыла Алтаева чемпион атанса, Әдемі Жайлыбаева мен Зарина Бибалина күміс жүлдені еншіледі.

Аралас сында да облыс спортшылары үздіктер қатарынан көрінді. Әнес Мадияр мен Сәлима Бақытова алтын жүлде жеңіп алса, Нұртілек Аблаев пен Шұғыла Алтаева қола жүлдеге ие болды. Нәтижесінде, Батыс Қазақстан облысының құрамасы командалық есепте І орынды иеленді.

2009–2014 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы сында да батысқазақстандықтар жүлдесіз қайтқан жоқ. Дулат Айдынбек жекелей сында күміс жүлдеге ие болса, Ақбота Өмірханова қола жүлдегер атанды. Сонымен қатар қыздар жұбында Ақбота Өмірханова (БҚО) мен Диана Нұрмұхамедова (Алматы облысы) жұбы қола медаль жеңіп алды. Аралас сында Дулат Айдынбек пен Ақбота Өмірханова үшінші орынға тұрақтады. Командалық есепте жасөспірімдер арасындағы облыс құрамасы ІІІ орынды місе тұтты.

Айта кетейік, өңір спортшыларының бұл жетістігінде жаттықтырушы Жоламан Аққойшиевтің еңбегі зор. Жүйелі дайындық пен табанды еңбектің нәтижесінде құрама жоғары деңгейдегі нәтижеге қол жеткізді. Жалпы, Орал төрінде өткен ел чемпионаты сурдо спорттың дамуына серпін беріп, жаңа есімдердің танылуына жол ашты.

Түгелбай Бисен,

"Жайық Пресс"

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале