20.02.2023, 16:45
Оқылды: 73

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері ауыл әкімдерінен пара бопсалаған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері Түркістан облысының ауыл әкімдерінен пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураның Telegram арнасына сілтеме жасап.

акша жп 1

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өкілдері Түркістан облысы Жетісай ауданының әкімшілігін тексеріп, ауылдық округтерінің әкімдерін қылмыстық жауапкершілікке тартумен қорқытып, олардан ақшалай қаражат талап еткен. Олардың тұрақты түрдегі талаптарынан кейін әкімшілік жұмыскерлері тексерушілерге тексерістің оң шешілуі үшін 400-мыңнан 630-мың теңгеге дейінгі қаражатты беріп, пара беру дерегі бойынша ұсталды», деп хабарлады Бас прокуратура.

Нәтижесінде 7 ауылдық округтің әкімдері мен әкімшіліктің 1 есепшісі соттармен әртүрлі мерзімге бас бостандықтарынан айыру және айыппұл түріндегі жазаларға тартылды. Бас Прокурордың наразылығымен Жоғарғы Сот оларды толығымен ақтап, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өкілдерінің іс-әрекеттерінде тікелей арандатушылық бар екенін анықтаған.

«2 жедел өкілге қатысты Қылмыстық кодектің 362-бабы 4-бөлігімен (билiктi және лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеп-тексеруді Бас прокуратураның арнайы прокуроры жүргізіп, кінәларын толығымен дәлелдеп, қылмыстық іс сотқа жолданды. Түркістан облысы Жетісай аудандық сотының 2023 жылғы 26 қаңтарындағы үкімімен ауыр санаттағы лауазымдық қылмысты жасағандары үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бұрынғы 2 жедел өкілі арнайы шендерінен айырылып, әрқайсысы 6 жылға бас бостандықтарынан айыру жазасына тартылды. Жәбірленушілердің пайдасына моральдық залал өндірілді», делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале