24.01.2022, 9:45
Оқылды: 137

Сын-ескертпелер қабылданады

Қар мен мұз басқан автожолдардың уақтылы тазаланбайтыны туралы тұрғындар жиі шағымданады. Сол себепті Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы уақытта күтіп ұстауға қатысты арыз-шағымды, ұсыныстарды қабылдайтын +7 771 179 63 92  WhatsApp нөмірін іске қосты. Оған қоса WhatsApp желісі арқылы жол құрылысы мен қоғамдық көліктерге қатысты түйткілдерді айтуға болады.

IMG-20220124-WA0001

Бұл жайында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Айдар Меңеев хабарлады. Басқарма басшысы желі арқылы автожолдарға қатысты жолданған ұсыныс-пікірлерге, сын-ескертпелерге уақтылы жауап берілетінін айтты.

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале