19.03.2023, 8:15
Оқылды: 33

Сырым ауданында 10 977 сайлаушы дауыс береді

Сырым ауданы бойынша бүгін барлығы 10 977 сайлаушы дауыс береді деп күтілуде.

smartcapture

Сырым аудандық орталық сайлау комиссиясының төрағасы Жолдыбай Батырниязовтың мәліметінше, сайлаушылар үшін 1 аудандық аумақтық, 1 облыстық округтік, 11 аудандық округтік және 29 учаскелік сайлау комиссиясы қызмет көрсетеді.

Дауыс беру мүмкіндігін бәріне қолжетімді әрі ыңғайлы ету - басты назарда. Мүгедектігі бар адамдар үшін барлық учаскелерде қолжетімділік қарастырылып, кабиналар бейімделген. Оған қоса мүгедектігі бар адамдарға бұрыш жасалып, компьютер, құлаққаптар және қосымша жарықтандыру, үлкейткіш әйнек, трафареттермен қамтамасыз етілді. Жымпитыдағы №290, 291 және 293 учаскелері бойынша инватакси қызметі ұйымдастырылады.

Саяси науқанға сырымдықтар белсенді қатысады деген сенім бар. Еске сала кетейік, былтырғы жылдың 20 қарашасында өткен Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында аудан бойынша сайлауға жалпы есеппен 9499 (тоғыз мың төрт жүз тоқсан тоғыз) адам, яғни сайлаушылардың 86,5% - ы қатысқан болатын.

Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале