14.12.2020, 12:00
Оқылды: 88

"Сырым елі" газеті «БАҚ саласындағы үздік волонтер» атанды

Орал қаласында "Жыл үздігі - 2020" Батыс Қазақстан облысының премиясын табыстау салтанаты өтті. Шарада Волонтерлар жылының қорытындысы бойынша 12 аталымның үздіктеріне марапат тапсырылды.

IMG-20201212-WA0112

Сырым аудандық "Сырым елі" қоғамдық-саяси газеті Батыс Қазақстан облысы бойынша "БАҚ саласындағы үздік волонтер" атанды. Марапат газетке волонтерлік қызметті насихаттағаны және қайырымдылық қызметпен айналысқаны үшін берілді.

Бұл жүлде газеттің ғана емес, оның оқырмандарының, басылым бастамасын қолдаған қайырымды халықтың ортақ жүлдесі деп ойлаймыз. Өйткені, "Сырым елі" елдің көмегімен екі жанұяға баспана сыйлады. Елдің көмегімен үш үйге газ кіргізді. Коронавирус пандемиясымен күресте де газет дәрігерлермен, ал оқырман газетпен бірге "шайқасты".

Газеттің жеңісі – елдің жеңісі, бірліктің жеңісі.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале