19.10.2021, 12:17
Оқылды: 79

Сырымда 5410 гектар жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылған

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Сырым ауданының әкімі Т.Төреғалиев ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер ететін салаларға тоқталып өтті.

WhatsApp Image 2021-10-19 at 12.16.42

-Аудан негізінен ауылшаруашылығы саласына бағытталған, соның ішінде Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында егін шаруашылығы жақсы жолға қойылғанмен, кейінгі жылдары ауа райының қолайсыздығы, жердің қуаңшылығы егін егумен айналысатын көптеген шаруашылықтарды тұралатып, олардың біртіндеп мал шаруашылығына ауысуына себепші болды. Осы салада еңбек етіп жатқан шаруашылық құрылымдарының қай-қайсысы да аудан экономикасының дамуына өзіндік үлесін қосып жатыр деп толық айта аламыз. Ауданда 399 шаруашылық мал шаруашылығымен айналысады. Осыдан 10 жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырсақ шаруашылықтардың саны 11 пайызға артқанын байқаймыз. Жоғарыда аталған шаруа қожалықтары мен жеке қосалқы шаруашылықтарда төрт түлік мал басы өсіп, атап айтқанда, биылғы жылдың 1-ші тамызына ірі қара – 57 266 басты, қой мен ешкі – 117 076  басты, жылқы – 27 073 басты, түйе малы 114 басты құрап отыр,- деді аудан әкімі.

Спикердің мәлімдеуінше, биылғы қысқа аудан бойынша 75,5 мың шартты мал басы кіреді деп жоспарланып, оларға 169,08 мың тонна мал азығы дайындалған. Ал асыл тұқымды малмен айналысатын шаруашылықтар 2012 жылдан бері тұқымдық түрлендірулерге қатысып, 975 шаруашылыққа 1 млрд. 477 млн. теңге көлемінде қолдау қаржы төленген.

-Биылғы жылы Президент Жолдауында айтылған өзекті мәселенің бірі - жер мәселесі. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді 438 ауылшаруашылық құрылымдары пайдалануда, қолданыстағы Заңнамалар аясында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 5 шаруашылықтың  5410 гектар жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды. Мемлекет қорындағы ауданның босалқы жерінен соңғы 2 жылда 63274 гектар жер жеке және заңды тұлғаларға конкурс арқылы берілді,- деді Т.Төреғалиев.

Нұрбек Оразаев,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале