22 Маусым 2021

 "Қамқорлық" қамқорын сезінген балғындар

Шоқтыбайға таза су келеді
22 Маусым 2021

Шоқтыбайға таза су келеді

Газетке қолдау білдірді
22 Маусым 2021

Газетке қолдау білдірді

Қазақ сыныптары көбеюде
22 Маусым 2021

Қазақ сыныптары көбеюде

Бала еңбегін қанауға жол жоқ!
22 Маусым 2021

Бала еңбегін қанауға жол жоқ!

Ғалым Тұрсынбаев: «Мемқызметкерлер жалақысы айтарлықтай жоғарылайды»
22 Маусым 2021

Ғалым Тұрсынбаев: «Мемқызметкерлер жалақысы айтарлықтай жоғарылайды»

8.10.2020, 12:17
Оқылды: 156
Табиғат аясындағы блогкэмп (СУРЕТ)

 Батыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен «West innovation» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен әлеуметтік желілерді белсенді қолданушылар арасында блогкэмп өтті.

– ХХІ ғасыр – ақпараттық қоғам дәуірі, ақпараттық мәдениет заманы. Заманауи технологиялар ақпарат көзіне айналуда. Қазіргі уақытта екінің бірі әлеуметтік желіні қолданады. Инстаграм, фейсбук, телеграмда тұрақты блог жүргізетіндер бар. Кейбірі емін-еркін бейнерепортаж жасайды. Бұндай технологиялар – қазіргі заман жемісі. Талғамы жоғары, танымы терең, ұстанымы берік блогерлар қозғалысы дамып келеді. Шетелдік блогерлар байыпты зерттеу жүргізіп, терең талдау жасап, құзырлы құрылым өкілдерінен сұхбат алып, тың деректер тауып жатады. Біздің елде де әлеуметтік желі белсенділері осындай үрдісті жандандыратынына сенемін. Қазіргі кезде жемқорлық, әділетсіздік және тағы басқа қоғам дертімен күресуге үн қосып жүрген азаматтар бар. Өздерінің де, жұртшылықтың да пікірін ой талғамынан өткізіп, көкейтесті мәселені билікке жеткізіп жүр.  Осылайша билік пен қоғам арасындағы байланыс дамиды, – деді облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Ерболат Исанов.

20201007-IMG_5456

Шарада «Назар аудар» командасының капитаны Азамат Аленов көпшілікті қайырымдылық іске тарту жолы жайында әңгімеледі. «Uralsk runners» спорт клубының негізін қалаушы, кәсіпкер Асхат Рамазанов жүгіру алаңын жасақтап, марафон ұйымдастыру, жастарды спортпен шұғылдануға үгіттеуде әлеуметтік желілер қуатты құралға айналғанын, соның арқасында жобаны дамытуға республиканың түкпір-түкпірінен қаржы жинауға көмектесетіндер табылғаны жөнінде айтты. «Телегей» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұрлан Сәдір мемлекеттік органдар мен блогерлар арасындағы қарым-қатынас, әлеуметтік желіде сыни ақпаратты сауатты жазу, әдеп қағидаларын сақтау, салмақты ұсыныс айту қағидаларына тоқталды. «Жайық Пресс» ақпарат агенттігінің басшысы Нұрлыбек Рахманов әлеуметтік желі арқылы таралатын ақпараттың шынайылығын тексеру, фактчекингтің маңызын түсіндірді.

20201007-IMG_5518

– Әлеуметтік желі парақшаларына оқырман тарту әдісі сан алуан. Ұтыс ойындары арқылы ел назарын аударатындар да, алаяқтық жасап ақша жинайтындар да көп. Ақпарат ағынына талдау жасайтын құрылымдар мемлекеттік саясат тұрғысынан ғана сараптама жүргізеді. Ғаламтордағы алаяқтық ісін ашуға полицейлер қауқарлы бола бермейді. Жарнамамен көз арбаған әлеуметтік желі аккаунттарын егжей-тегжейлі зерттеу керек. Оның тіркелген уақыты, интернеттегі белсенділігі, контент сапасы мен басты мақсатын зерттеп-зерделеп алу керек. Қоғамның медиасауат деңгейін дамыту өте өзекті, – деді Нұрлыбек Рахманов. Ойталқы кезеңінде БҚО өңірлік коммуникациялар қызметінің басшысы Али Бердешев мемлекеттік құрылымдардың әлеуметтік желілеріндегі қателіктерді атап, коммуникация қызметі билік пен қоғам байланысын нығайту үшін жаңа жобаларды жүзеге асырып жатқанын айтты.

20201007-IMG_5573

Табиғат аясында бас қосқан әлеуметтік желі белсенділері ұйымдастырушылардың Орал қаласының тарихына қатысты қойған сұрақтарына жедел жауап беріп, шағын сыйлықтарға ие болды. Шара қорытындысында облыс бойынша «Ең танымал инстаблогер» аталымы Бибінұр Хамитке, «Ең ықпалды facebook парақшасы» аталымы Азамат Муссиловқа, «Ең танымал facebook тобы» аталымы  «Оралдан не хабар?» тобының әкімгері Нұртай Текебаевқа, «Үздік әлеуметтік инстапарақша» аталымы «mamochki_uralska_vmeste_new» әкімгері Әсем Ажығалиеваға, «Позитивті инстапарақша» аталымы Станислав Климовқа, «Қайырымды блогер» аталымы Азамат Аленовқа, «Ұлт руханиятының жанашыры» аталымы Нұрлан Сәдірге берілді. 18-25 қыркүйек аралығында облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен өткен «Өңір туралы үздік пост» байқауында жеңімпаз атанғаны үшін Эра Шугаева марапатталды.

Нұрлан ҒАППАР

20201007-IMG_5650 20201007-IMG_5637 20201007-IMG_5496 20201007-IMG_5482 20201007-IMG_5485 20201007-IMG_5536 20201007-IMG_5462 20201007-IMG_5627 20201007-IMG_5616 20201007-IMG_5622 20201007-IMG_5676 20201007-IMG_5657

Ұқсас жаңалықтар Басқа да жаңалықтар
Хабарсыз кеткендер аз емес...

Хабарсыз кеткендер аз емес...

7.05.2021, 11:26

Жер кезегін қайдан білуге болады?

Жер кезегін қайдан білуге болады?

26.03.2021, 10:42

Тұңғыш Президент күніне орай онлайн конференция ұйымдастырылды

Тұңғыш Президент күніне орай онлайн конференция ұйымдастырылды

2.12.2020, 11:19

Батысқазақстандық ақын Нұрлан Сәдір Қ.Тайшықов атындағы онлайн байқаудың жүлдегері атанды

Батысқазақстандық ақын Нұрлан Сәдір Қ.Тайшықов атындағы онлайн байқаудың жүлдегері атанды

30.07.2020, 12:44

Оралдағы спорт мектебі жаңа ғимаратқа көшті (СУРЕТ)

Оралдағы спорт мектебі жаңа ғимаратқа көшті (СУРЕТ)

19.12.2019, 13:25

Теке қаласы Еуропа және Шығыс карталарында таңбаланған

Теке қаласы Еуропа және Шығыс карталарында таңбаланған

13.12.2019, 10:30

Облыстық имамдар форумы өтті

Облыстық имамдар форумы өтті

28.11.2019, 18:57

Ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелерін марапаттады

Ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелерін марапаттады

26.11.2019, 19:03

Оралда жаңа мәдениет сарайы салынуда

Оралда жаңа мәдениет сарайы салынуда

22.11.2019, 12:54

Спорт басқармасының басшысы «Есек дауына» қатысты пікір білдірді

Спорт басқармасының басшысы «Есек дауына» қатысты пікір білдірді

21.11.2019, 19:26

БҚО-да бапкерлер жетіспейді

БҚО-да бапкерлер жетіспейді

21.11.2019, 15:36

Мектеп директорларына айыппұл салынбады

Мектеп директорларына айыппұл салынбады

14.11.2019, 19:29

Жайығымызды жаутаңдатпайық!

Жайығымызды жаутаңдатпайық!

8.11.2019, 10:27

Облыста 500 адам «Qоrǵau» орталығының көмегіне жүгінген

Облыста 500 адам «Qоrǵau» орталығының көмегіне жүгінген

7.11.2019, 11:07

Ашық аспан астында адасқан тағдырлар

Ашық аспан астында адасқан тағдырлар

22.10.2019, 11:44